Біз туралы
Құрылған жылы: 2017
Go Viral Network Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Америка Құрама Штаттарынан шыққан медиа, бизнес, мәдениет пен теxнология саласындағы 2000-нан астам озық ойшылдарды біріктіру үшін 2017 жылдың маусым айында Алматы қаласында құрылды. Бұл қоғамдастық шығармашылық аудиторияны қамтиды, оның ішінде жаңа нәрселерді үйреніп, осы бағытта қызықты жобаларды жүзеге асырғысы келетін журналистер, кәсіпкерлер, кинематограф өкілдері, музыканттар, белсенділер мен қарапайым энтузиастар да бар. Go Viral Network фестиваль, грантқа тапсыру мүмкіндігі, бір жыл ішінде жүргізілетін медиа, бизнес, мәдениет пен теxнология бағыттары бойынша танымал спикерлердің баяндамалары кіреді. Үш күндік Go Viral фестивалі жыл сайын Алматыда өткізіледі және презентацияларды, панельді пікірталастарды, музыканы, фильмдерді, спектакльдерді, сондай-ақ АҚШ, Орталық Азия және Шығыс Еуропаның алдыңғы қатарлы тренд бастаушыларының мастер-кластарын қамтиды. Go Viral Network әлеуметтік желілер, жаңа платформалар мен теxнологиялар арқылы шығармашылық аудиторияға өздерінің контенттерін жасап шығарып, алға бастыруға, ақпарат беруге, қызықтырып, жарнамалауға және кең ауқымды аудиториямен ойдағыдай қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру мақсатында АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясының қолдауымен өз ісін жалғастырады.
Міндеттер мен мақсаттар
  • Создавать возможности для творческой аудитории, включая журналистов, предпринимателей, кинематографистов, музыкантов и энтузиастов
  • Әлеуметтік желілер, жаңа платформалар, сондай-ақ теxнологиялар арқылы контенттерді алға бастыру.
  • Орталық Азияда жаңалық ашушылардың серіктестігін жандандыру.
  • Орталық Азиядағы әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, экономикалық өсімді дамытуға, объективті ақпараттардың таралуын кеңейтуге ықпал ету.
  • Бұл мақсатқа жету үшін, АҚШ-тың Дипломатиялық миссиясымен бірлесе отырып, 'МSA FUND' Фонды көмегімен жүзеге асатын Go Viral Network ақпараттармен бөліседі, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады (оның ішінде жыл сайын өткізілетін фестиваль) және қоғамдастық мүшелеріне аздаған гранттар тағайындайды.
    Құрылған жылы: 2017